Жаңалықтар

Суицидке сақ бол!

ҚР ІІМ Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасы Ақтөбе бөлімінің бастығы, әділет подполковнигі Қайрат Зайыров және аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл, подполковник Фархат Ғұсманов Ақтөбе қаласындағы Қорғаныс министрлігіне қарасты №30238 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Басқосуда өз-өзіне қол жұмсап, суицид жасауды болдырмау бағытында, оның алдын алу үшін профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар әскери бөлімнің басшыларына әскери бөлімдегі мерзімді әскери қызметкерлермен, келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен және офицерлер құрамымен суицид деректерін болдырмау үшін нақты деректерге негізделген дәрістер мен жұмыстарды жүйелі жүргізу тапсырылды.

С.ҚАЙДАС,

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button