Басты жаңалықтар

Ақтөбе қаласын дамыту жайы нақтыланды

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен Ақтөбе қаласын дамытуға қатысты жиын өтті.

Жиналыс кезінде кәріз жүйесі тазарту ғимараттарының жағымсыз иісін бейтараптандыру, қоғамдық көліктерге электронды билет енгізу, қоқыс шығару мәселелері қаралды.

Биыл Ақтөбеде микробиологиялық әдістерді пайдалана отырып, қаладағы тазарту ғимараттарында ағынды сулардың тұнбасын кәдеге жарату жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, лай тұнбалар кәріз газдарының қалдықтарын басу үшін биопрепаратпен өңделеді. «Aktobe Su-Energy Group» АҚ мәліметі бойынша өңдеудің жалпы көлемі — 294 мың шаршы метрді құрайды.

Сондай-ақ ағынды суларды тазарту үшін «Ивказ» катализаторын қолдану жалғасуда.

Бүгінде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында енгізілген электронды билет қалалық бағыттағы көліктердің барлығында жұмыс жасайды. «Автопарк» ЖШС-ның 160 және «ПАТП» ЖШС-ның 90 автобусына стационарлық валидаторлар орнатылған. Осылайша күн сайын қалалық бағытқа шығатын автобустар валидатормен 100% қамтылған. Электронды билеттендіру жүйесі төлемді көлік картасы, арнайы қосымша — QR-код, смс және bluetooth арқылы жасауға мүмкіндік береді. Жуырда жол ақысына

дифференцияланған тариф енгізілмек.

Алдағы уақытта электронды тәсілмен төленетін жолақы құны 80 теңге, қолма-қол төлесе 150 теңге болады. Электронды билет ақша қаражатын көлеңкелі айналымнан шығаруға мүмкіндік береді. Бұл 60-80% тозығы жеткен автобус паркін жаңартуға септігін тигізеді.

Сондай-ақ қоғамдық көліктің әлеуметтік маңызы бар 29 бағытын мемлекеттік қолдау үшін субсидия бөлу мәселелері қаралды.

Жиын соңында облыс басшысы қала әкімдігі мен жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді. Соның ішінде қала билігіне шаhaрды абаттандыруға және қоқысты шығаруға жауапты компаниялардың қызметіне бақылауды күшейту тапсырылды. Оңдасын Оразалин қоқыстарды жинау және шығару бойынша жүйелі, үздіксіз жұмыстарды қамтамасыз ету шараларын қабылдауды талап етті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button