Жаңалықтар

Өзбекстанның Қазақстандағы елшісімен кездесті

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесті.

Әңгімелесу кезінде Ақтөбе облысы мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Облыс әкімі Мемлекет басшыларының арқасында екі ел арасындағы, оның ішінде өңірлердегі ынтымақтастық және достық қарым-қатынас туралы айта келіп:

Біздің көшбасшыларымыздың арқасында бүгінгі күні саяси байланыстар жоғары әрі жаңа деңгейге шықты. Бұл өз кезегінде іскерлік байланыстардың дамуына және Қазақстан мен Өзбекстан өңірлері арасындағы өзара іс-қимылдың кеңеюіне жаңа серпін береді, — деді.

Кездесу барысында биылғы жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 29,3 млн долларды құрағанын, ауыл шаруашылығы машина құрылысы, тігін және трикотаж бұйымдарын шығару, фармацевтика салаларында екі жақты қарым-қатынасты дамыту үшін үлкен әлеует бар екендігі атап өтілді.

Осы орайда қосымша автомобиль мен теміржол өткізу бекеттерін, жаңа әуе рейстерін ашу және т.б. өңіраралық ынтымақтастықты әрі қарай табысты дамытуға септігін тигізетін мәселелер қаралды.

Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:

Қазақстан —  біздің стратегиялық әріптесіміз. Республикалардың өңірлері арасындағы екі жақты байланысты қалыптастыру, дамыту жұмыстары жүргізілуде. Әрине, Ақтөбе облысы зерттеліп жатыр. Индустрияның да, агроөнеркәсіптің де экономикалық әлеуеті жоғары. Бізге сонысы қызық. Бизнестің көп өкілі қазақстандық серіктестермен ынтымақтас болуға мүдделі, — деді.

Қазіргі таңда облыс аумағында өзбек капиталы бар 31 кәсіпорын тіркелген.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button