Жаңалықтар

Он күнде 34 адам көз жұмған

Облыста жыл басынан бері 67 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жол апаттарының басым бөлігі республикалық және халықаралық маңызы бар жолдарда орын алған.  Биыл 1-10 мамыр аралығында облыс аумағында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасының 28 фактісі тіркеліп, 34 адам қаза болған.

Мәселен, М.Арынов көшесінде он сегіз жастағы жүргізушідің ерлі-зайыпты адамдарды қағып кетеді. Екі адам да сол жерде көз жұмады. Әйелдің төртінші баласына аяғы ауыр екен. Үш бала жетім қалды. Жүргізуші жол ережесін, қауіпсіздікті сақтамаған. Жалпы жолдағы қайғылы жағдайлардың көпшілігі жылдамдықты сақтамайтындықтан, бірін-бірі басып озу, қарсы бағытқа шығып кетуі секілді ереже бұзудан болады.

Облыстық полиция департаменті жүргізушілерге жол ережесін қатаң сақтауды ескертеді.

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button