Жаңалықтар

Айт намазы оқылады

Алдағы бейсені, 13 мамыр күні, Ораза айт мерекесі атап өтіледі.

Ораза айт мерекесіндегі басты шара — Айт намазы. Биыл өңіріміздегі мешіттерде Айт намазы өткізіледі. Індетке байланысты намаз мешіт ғимаратының ішінде емес, ауласында оқылады және сапқа тұру кезіндегі арақашықтық, бетпердемен келу, т.б. санитарлық талаптарды қатаң сақтау көзделеді. Тұмау ауруының белгілері, қызуы, жөтелі бар, сондай-ақ денсаулығы әлсіз жандар, жасы 65-тен асқан қарт адамдар мен балалар көпшілік намазға келмеулері керек. Намазға әйел адамдар да келмейді, өйткені мешіттердің ауласында олардың намаз оқуына арнайы орын қарастырылмаған.

Намаз таңертеңгі 7.00-де басталады.

Рамазан айында отыз күн ораза ұстаған халық Айт күні бірін-бірі құттықтап, жақын-жуығымен бір дастарқанда бас қосып, қуанышпен өткізуді дәстүрге айналдырған. Ал биыл, індетке байланысты, ондай басқосуларға тыйым салынған, сондықтан әр отбасы Ораза айтты өз үйінде ғана атап өтуі керек екенін естеріңізге саламыз.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button