Төрт адам коронавирус жұқтырды
25 қазан күні облыста коронавирус жұқтырған төрт адам тіркелді. Олардың барлығында да аурудың белгісі байқалмаған. Науқастың біреуі Ақтөбе қаласының тұрғыны болса, үшеуі Хромтау қаласында жұмыс жасап жатқан Өзбекстан азаматы. Пациенттер COVID-19-ға профилактикалық мақсатта тексерілген кезінде қауіпті індет анықталған.
Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3285 жағдай тіркелді, оның ішінде 49%-ы ауру белгілерімен (1608) және 51%-ы симптомсыз (1677) жағдай. 3223 науқас жазылып шықты.
Ақтөбе қаласында 2365 адам ауырса, Әйтеке би — 20, Алға — 92, Байғанин — 57, Ырғыз — 54, Қобда — 14, Қарғалы — 27, Мәртөк — 60, Мұғалжар — 172, Темір — 190, Ойыл — 21, Хромтау — 105, Шалқар ауданында 108 адам вирус жұқтырған. Жалпы тіркелген 3280 науқастың 2,5%-ы сырттан келген. Қазіргі таңда үй карантиніне 91 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.
Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары облыс тұрғындарын коронавирус инфекциясының алдын алу үшін мерекелік, отбасылық шараларды тоқтата тұру керектігін және бетперде тағу, қолды жиі жуу, антисептиктерді пайдалану, әлеуметтік дистанцияны сақтау талаптарын орындауға шақырады.
Кәмшат ҚОПАЕВА.