«Ақтөбе — құтты мекен»ЖаңалықтарРухани жаңғыру

Латын әліпбиіне өту бойынша жобалық кеңсенің тұсаукесері

С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханада Ақтөбеде латын әліпбиіне көшу бағыты бойынша жобалық кеңсенің атқарған жұмыстарының тұсаукесері өтті.

Шараға облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова бастаған форум қонақтары, Мәдениет және спорт министрлігі, ондағы  Дін істері комитетінің өкілдері және облыс әкімдерінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарлары, ішкі саясат басқармасының басшылары келді.

Бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі — латын әліпбиіне көшу болса, форум қатысушылары  Ақтөбе облысында бұл шаруаның қалай жүзеге асырылып жатқанынан хабар алды.  Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүләйім Төлебаева қонақтарды «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Латын әліпбиіне көшу» бағыты бойынша өзі жетекшілік ететін жобалық кеңсенің жұмыстарымен таныстырды. Гүләйім Тельманқызы:

— Адамдар көп жиналатын Бәйішев атындағы кітапханада орналасқан жобалық кеңсенің  басты мақсаты — латын әліпбиіне көшуді жан-жақты насихаттау. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты, Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығымен байланыс орнаттық. Халықтың пікірін тыңдап, латын әліпбиі жүйесіне көшудің негізгі идеологиясының дұрыс қабылдануына ықпал етуді басты назарға алдық. Әдістемелік семинар-кеңестер, әлеуметтік акциялар, тренингтер, дөңгелек үстелдер өткізудеміз. Әлеуметтік желілерде арнайы аккаунт, хэштег, сұрақ-жауап рубрикаларын ұйымдастырдық.  Ахуалға қатысты мониторингтік талдаулар, сараптамалар жасалуда. Облыстың 12 ауданында насихат жұмыстары жүргізілуде. Ақтөбе облысы тұрғындарының  67,2 пайызы қолдау білдіріп отыр, — деді. Одан әрі қонақтар жобалық кеңсенің атқарған жұмыстары хабар беретін материалдар мен,  кітап көрмелерін, стендтер мен фотокөрмелерді  тамашалады.

 Ардақ ҚОНАҚБАЕВА.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button