Басты жаңалықтар

Астана халықаралық әуежайына Елбасының есімі берілді

«Астана халықаралық әуежайы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен аталатын болды. ҚР Үкіметінің тиісті Қаулысы бүгін «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланды» деп хабарлайды egemen.kz.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ҚАУЛЫСЫ

2017 жылғы 20 маусым №381 Астана, Үкімет үйі

Астана халықаралық әуежайын қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

  1. Астана халықаралық әуежайы «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» болып қайта аталсын.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ.
egemen.kz.

21 маусым 2017 жыл.

ӨТЕ ОРЫНДЫ ШЕШІМ

Астана халықаралық әуежайына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімінің берілуі өте орынды шешім болды. Бұл тек менің емес, көптің пікірі және бұны күллі халқымыз бірауыздан қолдап отыр. Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Астана халықаралық әуежайының «Нұрсұлтан Назарбаев  халықаралық әуежайы»  болып аталуы қандай жарасымды. Әлемдік тәжірибеде бұл бұрыннан бар үрдіс. АҚШ-тың, Түркияның, Францияның және көптеген елдердің астаналық ірі әуежайлары ұлт көшбасшысының есімімен аталатынын біз жақсы білеміз. Біздің еліміздің де астаналық халықаралық әуежайына Елбасымыздың есімінің берілуі құтты болсын, ағайын.

Ноғайбай СҮЙІНДІКОВ, кәсіпкер.

Темір ауданы.

БҰЛ — ХАЛЫҚТЫҢ ТІЛЕГІ

Қазір «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтіп, әлем назары Қазақстанға ауып тұрған шақ. Еліміздің  абыройы асқақтап тұр. Осының  бәрінің дем берушісі, көшбасшысы еліміздің Тұңғыш Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев екені даусыз. Әр жылдарда Астана қаласына, сондай-ақ басқа да нысандарға, оның ішінде халхаралық әуежайға Елбасының есімін беру мәселесі сан мәрте көтеріліп келді. Алайда бұл ұсыныстар аяқсыз қалып отырды. Халықтың сол тілегі орындалып, бүгін Қазақстан Үкіметінің қауылысымен Астана халықаралық әуежайына Нұрсұлтан Назарбаев есімі берілді. Біз осы Елбасына жасалған құрметке қуандық.

Нұрлан ӨСКІНОВ,

зейнеткер.

Байғанин ауданы.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button