Жаңалықтар

Сая еңбек озаты атанды

Бәрекелді!

Астанада Қазақстанның еңбекші әйелдерінің I форумы өтті. Осы жиында ақтөбелікфельдшер Сая Ыбырайқызы «Еңбек озаты» төсбелгісімен марапатталды.

«Еңбек саласындағы әйелдер: жаңа шешімдер уақыты» деген атпен елордада өткен республикалық форумның ұйымдастырушысы — ҚР Кәсіподақтар федерациясы. ҰйымХромтау аудандық жәдел жәрдем стансасының көшпелі бригадасының бірінші санатты аға фельдшері Сая Ыбырайқызын осы жиынға арнайы шақыртқан.Жиында ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин аға фельдшер Сая Ыбырайқызын «Еңбек озаты» төсбелгісімен марапаттады.

Естеріңізде болса, ақпан айының басында әлеуметтік желі арқылы түтеген боранға қарамастан, науқасқа жедел жәрдем көрсету үшін қар кешіп бара жатқан медицина қызметкерлері туралы бейнежазба тараған еді. Кейінірек ол жазбаны қызмет барысында неліктен науқасқа кешігіп жеткенін түсіндіру үшін, Хромтау аудандық жәдел жәрдем станциясының аға фельдшері Сая Ыбырайқызы түсіргені белгілі болды.

Сая, сондай-ақ оныңәріптестері Бауыржан Сұлтанханұлы мен Қайрат Берікұлы ақтүтек боран мен омбы қарға қарамастан,2-3 шақырым жолды қиындықпен өтіп, науқасқа жетіп, көмек көрсеткен.

Әлеуметтік желі арқылы халықтың сүйіспеншілігіне бөленген медицина қызметкерлерін бұған дейін Денсаулық сақтау министрі мен облыс әкімі Алғыс хаттармен марапаттаған болатын.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button