Басты жаңалықтарӘлеумет

Ақтөбеде 2 қыркүйектен бастап қаланы санитарлық тазарту және абаттандыру бойынша екі айлық жарияланады

Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен сенбілік өткізілді. Оған қала әкімі Азамат Бекет, облыстық басқармалар мен қалалық бөлімдер ұжымдары қатысты. 200-ден астам мемлекеттік қызметші Ж.Кереев атындағы скверде, қаланың ескі бөлігіндегі көшелер бойында және Кирпичный тұрғын алабындағы «Бесік төбе» аумағында ұйымдастырылған сенбілікке жұмылдырылды.

«Қалада 2-ші қыркүйектен бастап сенбіліктер, «Таза бейсенбі» акциялары өтетін болады. Екі айдың ішінде қалалық полигон қатты тұрмыстық қалдықтарды тегін қабылдайтын болады. Барлық аула аумақтары, саябақтар мен скверлер, көшелер қоқыстан тазартылуы тиіс. Бүгін сенбілікке негізінен мемлекеттік қызметкерлер шықты. Олар саябақтар мен алаңдарды тазалап бастады. Жалпы, қалада 60-тан астам қоғамдық демалыс орындары, саябақ, скверлер бар. Екі айлық аясында олардың барлығы қоқыстан тазартылады.
Тазалық науқанына бизнес – нысандардың иелері, көпқабатты үйлер мен тұрғын алаптардың тұрғындары, барлық ұйымдардың қызметкерлері белсенді қатысады деп сенемін», – деді қала әкімі Азамат Бекет.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ

aqtobe_akimat

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button