Жаңалықтар

Ақтөбелік шаруа қарбыз өсіріп, 25 млн теңге табыс тапты

Темір ауданы Шұбарқұдық ауылының 36 жастағы тұрғыны Жәнібек Елтезеров үш жылдан бері бау-бақша өсірумен айналысады.  Екі жоғары білімі бар, бұрын теміржолшы болып жұмыс істеген.

💬 «Мен алғашында картоп өсіріп бастадым. Кейін егіс алқабын ұлғайтып, сегіз гектарға қарбыз ектім. Пайдасы бар. Былтыр бұл іске 10 млн. теңге салдым, тек қарбыздан 25 млн. теңге таптым. Көкөністерді де өсіремін. Егер сіз қол қусырып жатпай, еңбек етсеңіз, міндетті түрде жетістікке қол жеткізесіз», – деп Жәнібек Елтезеров кәсібінің қыр-сырын ашты.

Бес баланың әкесі биыл егіс алқабын үш есеге ұлғайтуға ниетті. Бұдан басқа, ол егіс жұмыстарын ертерек бастауға көмектесетін жылыжай салу үшін «Ауыл аманаты» жобасына қатысуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, жақында Темір ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Ералы Тоғжанов Жәнібек Елтезеровтің өнімді сатуға көмектесу туралы өтінішін қолдаған еді. Шаруаға облыс орталығындағы коммуналдық базардан сауда орны тегін беріледі.

Н.АРМАНҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button