Мереке

Мерейлі мамандық иелері марапатталды

Медбикелер күні

А.Досжанова атындағы конференц-холдаоблыстық орта буын медицина қызметкерлері қауымдастығының құрылғанына 20 жыл толуына орай және 12 мамыр — Халықаралық медбикелер күніне арналған «Мейірбике — мерейлі мамандық» атты салтанатты жиын өтті.

Мерекелік шараға Үндістан, Ресей, Қырғызстан мемлекеттерімен Қазақстанның 17 облысынан орта буын медицина саласының өкілдері қатысты.

Әуелі сөз сөйлеген облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаевмедбикелерді төл мерекелерімен құттықтап, тілегін жеткізді. Одан соң облыс тұрғындарының денсаулығын жақсарту мақсатында 2023-2024 жылдарға арналған үш жақты меморандумға қол қою рәсіміне облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев, «Қазақстанның әкелері» республикалық әкелер қауымдастығының төрағасы Аманғос Құлов, Мәскеу қаласындағы кәсіби медициналық орталықтың балалар хирургіДинар Сафин қатысып, қол алысты. Рүстем Исаев мәскеулік білікті дәрігер, тамыр жүйесі хирургі Динар Сафинге әріптестік ұсынысты қабыл алғаны үшін Алғыс хат тапсырып, шапан кигізді.

Атаулы күн — науқастың денсаулығына дәрігермен тең дәрежеде жауапты мейірбикелердің еңбегі үшін алғыс айтудың тағы бір себебі. Басқарма басшысы облыстағы медициналық мекемелерде көп жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан 24 мейірбикеге облыс әкімінің Алғыс хаты мен сыйлық сертификатын берді. Денсаулық сақтау министрлігінің  ғылым және адами ресурстар департаментінің мейірбике ісін дамыту басқармасының бас сарапшысы Айнагүл Наурызбаева әріптестерін төл мерекелерімен құттықтап, Денсаулық сақтау министрінің марапаттарын тапсырды. Министрліктің «Еңбек ардагері» медаліне №1 қалалық емханасының фармацевті Хатыма Бүркітбаева, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медаліне Қарғалы аудандық ауруханасының анестезист мейірбикесі Шолпан Иманбаева мен №2 қалалық емхананың бас медбикесі Жанат Жүсіпбекова ие болды.

— Ақтөбе медициналық колледжінің түлегімін. 29 жылдан бері осы салада қызмет етіп жүрмін. Осы жылдар ішінде медбике мамандығын таңдағаныма еш өкінбедім. Адамдарға көмектескенді жақсы көремін, — дейді Жанат Жүсіпбекова.

Ал «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісін облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек бекетінің фельдшері Күнзада Мұқашева иеленді. Сонымен қатар  Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасы — 6 медбикеге, Алғыс хаты 5 медбикеге табысталды.Денсаулық сақтау саласына арналған «Ақжелең» республикалық журналының «Өмір үшін күрескен еңбегі үшін» арнайы медалі журналдың тұрақты жанашыры, Ойыл аудандық ауруханасының бас мейірбикесі Дархан Бердешова мен Темір аудандық  ауруханасының бас мейірбикесі Галина Қуановаға берілді.Бір топ медбикеге Ақтөбе қаласы әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын қаламыздың Астана ауданы әкімінің орынбасары Жақсат Төлегенов табыстады. Марапатқа ие болғандардың бірі — Медициналық жедел жәрдем ауруханасы хирургия бөлімінің медбикесі Бибігүл Әкібаева.

— 40 жылға жуық осы салада еңбек етіп келемін. Бала кезде Хромтау ауданы Құдықсай ауылында тұрдық. Сол кезде ауылда Евгения деген медицина қызметкері болды. Маған оның ақ халат пен ақ қалпақ киіп жүретіні, ауырып қалған тұрғындарға көмектесетіні ұнайтын. Кейін Ақтөбе медициналық колледжін бітірдім, — дейді Бибігүл Әкібаева.

Одан соң М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің  Басқарма Төрағасы-ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор  Әсет Қалиев медбикелерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, бір топ маманның кеудесінеПарламент Мәжілісінің алғашқы төрағасы, ғалым, саясаткер Марат Оспанов атындағы медальдытақты.

Одан соң облыстық мәслихат депутаты, «Senim» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлердің кәсіптік одағы Ақтөбе облыстық филиалыныңтөрағасыҚайрат Сабыр, дәрігерлер мен провизорлар қауымдастығының президенті Роза Базарбайқызы, Қызыл Ай қоғамының облыстық филиалының басшысы Нұрлан Үдербайұлы, орта буын қызметкерлер даярлайтынБәйішев медициналық колледжінің директоры Манет Нұрмағамбетова,орта буын медицина қызметкерлері қауымдастығының негізін салған, денсаулық сақтау саласының ардагері Қайрат Серғазин мереке иелерін құттықтап, тағы бір топ медбикені марапаттады.

Бұл күні түске дейін «Мейірбикеліктехнологиялар: инновациялар,тәжірибегеенгізу» аттыхалықаралықғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция делегаттары пленарлықотырыстаосы тақырыпты талқылап,өзара пікір алмасты, шеберлік сыныптарына қатысты. Сондай-ақ шетелден және өзге облыстардан келген қатысушылар облыстықперинаталдықорталықтағы орта буын медицина мамандарыныңқызметімен танысты.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button