Қымбатты Ақтөбе облысының тұрғындары!
Облыстық мәслихат депутаттары мен аппараты Сіздерді Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды!
Отанымыздың егемендігі мен дербестігін паш ететін бұл мереке әрбіріміз үшін айрықша қымбат. Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктері мен жеңістері — ел тұрғындарының бірлігі мен татулығының айқын көрінісі.
Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында әлемде маңызды орын алатын демократиялық, құқықтық және экономикалық тәуелсіз мемлекет құра алды. Біздің ұрпақ өз ата-бабаларының ісін сенімді түрде жалғастырып, Қазақстанның ұлы тарихын жаңа жетістіктермен және табысты өзгерістермен жалғастыратынына күмән жоқ.
Құрметті жерлестер!
Осы айтулы күні депутаттар мен облыстық мәслихат аппараты әрбір отбасына бейбітшілік пен келісім, амандық және құт-береке тілейді! Шаңырақтарыңыз шаттық пен бақытқа толсын. Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Ізгі ниетпен,
Амангелді НҰҒМАНОВ,
Облыстық мәслихаттың хатшысы.