Білім

Түлектердің есте қалар бір сәті

Ақтөбе қаласындағы Әбіш Кекілбайұлы атындағы №72 орта ІТ мектеп-лицейінде «Есте қалар бір сәт» атты ашық тәрбие сағаты өтті.

11 «а» сыныбының жетекшісі Жанна Шыныбаева ұйымдастырған тәрбие сағатына 11-сынып оқушылары мен олардың ата-аналары қатысты.

Оқу жылы аяқталуға санаулы күндер қалғанда өткентәрбие сағаты «Қос бәйтерегім» әнімен басталды. Ата-ана мен бала бойындағы сүйіспеншілікті, отбасындағы татулықты нығайтуға үлес қосатын шараны «Балама хат» айдары қыздырды. Мұнда аналардың ақ пейілінен шыққан жүрекжарды тілектері бала жүрегінен жол тапты. Ата-аналардың біріНұрлыбай Сибағатов үлкен өмірге қадам басқалы тұрған 11-сынып оқушыларына ақ жол тілеп, батасын берді.

Әкенің ақ батасын, ананың ақылын, ұстаздың өнегелі тағылымын алған мектеп бітірушілер енді перзенттік парызын ойымен, сөзімен, іс-әрекетімен ақтайды деп сенеміз.

Н.СЕЙТЖАПАРОВА,

өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button