Спорт

Спорт бірлікке шақырады

Хромтау аудандық ішкі саясат бөлімінің және аудандық орталық «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен, «Күшіміз — бірлікте» акциясының аясында, хоккейден ашық турнир өтті.

Додаға 5 команда, барлығы 40 спортшы қатысты. Бұлар, негізінен, Хромтау қаласы мен Қызылсу ауылынан келген командалар.

Сайыстың ашылу салтанатында аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Асхат Арыстанбаев, «Нұр» мешітінің қызметкері Нұрсұлтан Бөлекбаевтар сөз сөйледі, сонымен қатар жарыстың құрметті қонағы Жақсығали Баяндин қатысушылар мен көрермендерге батасын берді. Ал ұйымдастырушылар ақсақалдың иығына шапан жауып, сый-құрмет көрсетті.

Жарысқа қатысушылардың бірі, Хромтау тау-кен техникалық колледжінің оқушысы Саят Ахметқалиев: «Бала кезден хоккей ойынына қатты қызығамын. Бүгінгі турнирге қатысу мүмкіндігіне ие болғаныма қуаныштымын. Биыл елімізде «Балалар жылы» болып жарияланғандықтан, сайысқа ересектер ғана емес, жасөспірімдер де қатысып жатыр», — деді.

Жарыстың қорытындысында «Нұр» мешітінің ұжымы — І орын алды, ал «Қызылсу» командасы — ІІ орынға, «ХТТК» тобы ІІІ орынға ие болды. Жеңімпаз бен жүлдегерлерге Алғыс хаттар және ақшалай сыйлықтар табысталды.

 Ақтолқын ТАЖИКОВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button