Спорт

Гүлім жүлдемен оралды

Әлем кубогы

Жақында ақтөбелік зілтемірші Гүлім Құрманбаева Ұлыбританияның Манчестер қаласында өткен Әлем кубогынан жүлдемен оралды.

Пара пауэрлифтингтен 45 келі салмақ дәрежесінде 80 келі зілтемірді көтерген спортшы қыз қола жүлдеге ие болды.

— Дәстүрлі жарыс биыл 22-29 наурыз аралығында өтті. Әлем кубогына осымен екінші рет қатысып тұрмын. Биыл Нигерия және Польша спортшыларынан кейін үшінші орынға қол жеткізіп отырмын. Жалпы пара пауэрлифтингтен Қазақстан құрамасында оннан астам спортшы бар. Бұл жарыста елімізден жеті спортшы бақ сынасып, оның бесеуі жүлделі орындардан көрінді.

Паралимпиада ойындарына мемлекет тарапынан ерекше қолдау бар. Бес жылдан бері Қандыағаш қаласында жаттықтырушым Сергей Ведюшкинмен жаттығамын. Енді биыл мамыр айында Таиланд елінде өтетін дүбірлі додаға дайындықты бастаймыз, — дейді спортшы.

Айта кетейік, тірек қимылы зақымданған Гүлім Жайбергенқызы Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Еліміздің 7 дүркін чемпионы.

 А.ҚАЛДЫБЕК.  

Басқа жаңалықтар

Back to top button