Спорт

Облыс құрамасы ІІ орын алды

Грек-рим күресі

 Алматы облысының Жаркент қаласында грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Жарысқа еліміздің барлық аймағынан құрама командалар жиналды. Ақтөбе құрамасы жалпы командалық есепте екінші орынға ие болды.
Жарыстың алғашқы күні облыс құрамасының мүшесі Бекнұр Мұқан 41 келі салмақ дәрежесінде 6 белдесу өткізді. Ақтық сында ақтөбелік Ердиас Мұханбедсадықты ұпай санымен ұтып, өз салмағында ҚР чемпионы атанды. Ал Ердиас ел біріншілігінің күміс жүлдесін иеленді. 44 келі салмақта күш сынаған Бекет Айдын күмістен алқа тақты. 52 келіде 5 кездесу өткізген Қазыбек Қалмағанбетов 3-орын алды. Сондай-ақ 62 келі салмақта Айдынғали Төлендік 5 кездесу өткізіп, өз салмағында чемпион болса, ауыр салмақта (100 кг) жарысқа шыққан Сұлтан Қарашаев ел біріншілігінің қола жүлдесін иеленді. Сонымен қатар әр салмақта күш сынасқан Шыңғыс Мамбет, Мирас Нұрдәулетов, Жәнібек Жаңажолұлы сынды спортшыларымыз да үздік үштікті түйіндеп, биылғы жарыста қола жүлдеге ие болды.

Еске салайық, былтырғы чемпионатта да облыс құрамасы күміс жүлдеге ие болған еді.

А.БОЛАТБЕКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button