Жаңалықтар

Балалар дүкені сапалы киімдер ұсынады

Ақтөбелік Гүлнұр Мұстафина мемлекеттік бағдарлама арқылы несие алып, Батыс-2 ауданынан «Alyakosh style» балаларға арналған киім дүкенін ашты.

Гүлнұр 2007 жылы Темір ауданындағы Шұбарқұдық елді мекенінен шағын азық-түлік дүкенін ашып, табыстың алғашқы капиталын жинады. Кейін 2 азық-түлік супермаркеті мен кондитерлік дүкен салып, 150 адамды жұмыспен қамтыды.

Бұл ретте ол мемлекеттік бағдарламалар арқылы несие алып, жұмысын жандандырғанын айтады.

— Осыдан үш жыл бұрын Ақтөбе қаласындағы бірқатар сауда орталықтарынан балаларға арналған киім дүкенін аштық. Бұл жолы кәсібімізді кеңейтіп, Батыс-2 ауданынан екі қабатты 300 шаршы метр ғимаратты алып отырмыз. Әзірге 15 адам тұрақты жұмысқа тұрды. 

Біздің мақсатымызсапалы балалар киімдерін қолжетімді бағада сату. Алдағы уақытта еліміздің басқа да қалаларынан ашқымыз келеді.

«Еңбек» және  «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламалары арқылы кәсібімді кеңейттім. Жолдасым да менің әр бастамама қолдау көрсетіп келеді. Бүгінде еңбек еткен адамға мүмкіндік мол, — дейді Гүлнұр Мұстафина.

Шара соңында кәсіпкер көпбалалы ана Гүлзия Дабысованың үйіне барып, балалар киімдерін тарту етті.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.   

Басқа жаңалықтар

Back to top button