Жаңалықтар

Көлік ұрлаған ұсталды

Жанқожа батыр көшесінде тұратын азаматтың  «SsangYong ACTYON» маркалы автокөлігін белгісіз біреу ауласынан айдап кеткен.  Шығын көлемі — 4 400 000 теңге. Полиция қызметкерлері бірден іске кірісті. Барлық жол бағытына бақылау жасап, «Тосқауыл жасау» жоспарын жариялады. Жедел басқару орталығының инспекторлары бейнебақылау камерасы арқылы ұрланған автокөліктің қозғалыс бағытын анықтап, кейін радиостанция арқылы полиция жасағына хабар берді. Ұрланған автокөлік  М.Мәметова көшесінің бойынан табылды. Көлікті ұрлаған жүргізуші  27 жастағы облыс тұрғыны болып шықты.

Аталған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің  200-бабы, яғни  «Автокөлікті  немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жалпы, көлікті айдап әкеткен азамат заң бойынша бір мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлейді немесе қоғамдық жұмысқа тартылады. Сондай-ақ екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Полиция қызметкерлері жеке мүлікке сақ болу керектігін ескертеді.

К.ҚОПАЕВА.  

Басқа жаңалықтар

Back to top button