Жаңалықтар

«Шаңырақ» бағдарламасы бойынша баспаналы болыңыз!

28 қазаннан бастап «Шаңырақ» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдаудың төртінші кезеңі басталды.  Аталған мемлекеттік бағдарламаны «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жүзеге асырады.

Бұған дейін «Шаңырақ» бағдарламасына 2017 жылға дейін кезекке тұрған азаматтар ғана қатыса алатыны хабарланған болатын. Енді сүйінші жаңалық — бағдарламаға 1986-2020 жылдар аралығында баспана кезегіне тұрған азаматтар түгел өтініш бере алады.

— Бағдарлама аясында жылдық сыйақы мөлшерлемесі — 5%, бастапқы жарнасы 10% болатын тұрғын үй займын алу үшін сіз әкімдіктерде баспана кезегінде болуыңыз қажет және табысыңыз әрбір отбасы мүшесіне шаққанда 101 271 теңгеден аспауы тиіс. Өтінішті кез келген адам жолдай алады, ол үшін банк клиенті болу шарт емес.  Бүгінге дейін елімізде 291 отбасы «Шаңырақ» жобасы бойынша несие рәсімдеп, пәтер алды. Тағы 2 386 адамның өтінішін банк мақұлдады, олар қазір сатып алатын үй іздестіріп жатыр, — дейді аталған банк филиалының өкілі Мақсат Заитов.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button