Жаңалықтар

Музей қызметкерлерімен кездесті

Дүйсенбі күні «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе қалалық филиалынан «Primaries-2020» партияның ішкі сайлауына қатысушы кандидат, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы  облыстық ұйымының төрағасы Кенжеғали Кенжебаев облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында үміткер музей қызметкерлеріне өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, ондағы білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға жәрдемдесу, кадрларға жан-жақты қолдау көрсетуге ықпал ету, «Цифрлық мектеп» бағдарламасының артықшылығын жастарға ұғындыру мәселелеріне тоқталып, бүгінгі жаңа технологиялар дамыған заманда цифрлық білім берудің ерекшеліктерін атап өтті.

Басқосуда музейдің бөлім меңгерушісі Алмагүл Сүндетқызы Кенжеғали Кенжебаевқа музей ұжымы атынан сәттілік тілеп, ризашылығын жеткізді.

Кездесу соңында музей қызметкерлері үміткердің бағдарламасында айтылған мәселелерге қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button