Жаңалықтар

Жанболат Жидеханов — Шалқар ауданының әкімі

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және  аудандық мәслихаттың  келісімі бойынша облыс әкімі  Оңдасын Оразалиннің  өкімімен Шалқар ауданы әкімінің лауазымына Жанболат Өтеғұлұлы Жидеханов тағайындалды, — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңа әкімді аудан активіне облыс әкімі О. Оразалин таныстырып, жұмысына табыс тіледі.

Облыс басшысы аудан əкіміне үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанын атап өтті.

Жанболат Жидеханов  1972 жылы туған. Экономист-есепші, құқық  мамандықтары бойынша білім алған. Еңбек жолын 1989 жылы Шалқар ауданының Аяққұм мектеп- интернатында жұмысшы болып бастаған. Әртүрлі жылдары  Шалқар қаласындағы  орта мектептердің бірінде, Шалқар ауданының білім бөлімінде  мемлекеттік мекемесінде есепші, Шалқар ауданының білім және спорт бөлімінде бас экономист, бас маман болып қызмет атқарған.

2009-2013 жылдары Шалқар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының орынбасары, басшысы лауазымдарын атқарды.

Бірнеше жауапты қызметтерде еңбек еткен  Жанболат Жидеханов 2013 жылдан қазіргі уақытқа дейін Шалқар ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button