Жаңалықтар

Шалқарлықтардың сәлемі

Шежірелі Шалқар өңірінің елімізге танымал өнерпаздары да туған жерге ыстық сәлем жолдап, #BizBіrgemiz челленджіне қолдау білдірді.

Шалқар өңірі — өзіндік тарихы бар байырғы мекен. Шалқардың атағы ғасырлар бойы халықтың зердесінде жүрген танымал тұлғалары арқылы шыққан. Осы аймақта өмір сүрген Бақтыбай мен Бәйімбет, Көтібар мен Қайдауыл, Арыстан мен Достан, Есет пен Бекет, Қазанғап, Мырзағұл Шыманұлы елдің жүрегінде өз орнымен қалған тұлғалар.

Осы жерде туып-өскен қаншама азаматтар қазір еліміздің өркендеуіне үлесін қосып жүр. Шалқардан шыққан абзал азаматтардың бірі, белгілі нейрохирург Серік Ақшолақов та осы өңірдің перзенті.

https://www.instagram.com/tv/B-sCAWUAswf/?igshid=18u6hdxzqwckx

Шалқар көлі өңірдің мақтанышы екені рас. «Шалқар көлі өзімізге шағалалы көк теңіз» деп әнге қосқан Үмбетбай Уайдиннің сөзі мен Емберген Терековтің әніне жазылған «Шалқар вальсін» қазақ эстрадасының белгілі әншілері Жанар Айжанова, Айгүл Елшібаева, Асхат Тарғын, Жаңабай Өтегенов, осы өңірден шыққан Нұрхан Кәдірбаев, Ерболат Төлегенов, Қайнар Алагөзов, Аян Сейітов сынды азаматтар орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

#BIZBIRGEMIZ

Ақбота ҚАЛДЫБЕК

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button