Жаңалықтар

42500 теңге: енді өтінім статусын тексеруге болады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрландыру кеңсесі 42 500 теңгені алуға жіберілген өтінім статусын тексеріп беретін қызметті іске қосты.

«Біз әлеуметтік желілерге әрдайым мониторинг жүргізіп отырамыз. Адамдардың біразы «Мен бірнеше күн бұрын өтінім беріп қойғанмын. Әйтсе де әлі күнге дейін өтінімім мақұлданды ма, жоқ па білмеймін» дейді. Сол себепті Біржан Нұрымбетовтің тапсырмасымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрландыру кеңсесі 42 500 теңгені алу құқығыңыз бар-жоғын тексеріп беретін қызметті іске қосты. Сервис бойынша біз Президент Әкімшілігі жанындағы ІТ-штабпен, ІТ мамандарымен, ұжыммен қауырт жұмыс жүргіздік. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевке де алғысымызды айтамыз», — деді Нариман Мұқышев.

Әлеуметтік төлем алуға өтінім берген болсаңыз, статусыңызды тексеріп көруіңізге болады. Әуелі 42500.enbek.kz сілтемесіне өту керек. Сосын «Өтінім статусын тексеру» батырмасына басасыз. Онда ЖСН мен жеке куәліктің нөмірін енгізесіз. Одан кейін «Мен робот емеспін» батырмасын басасыз да, тексеруге жібересіз. Өтініміңіздің қабылданғанын не қабылданбағанын біле аласыз. Бір ұялы телефон немесе компьютерден бір сағаттың ішінде 3 өтінімнің мәртебесін тексеруге мүмкіндік бар.

ҚазАқпарат.

Басқа жаңалықтар

Back to top button