Жаңалықтар

«Восход-ORIEL» компаниялар тобының Тұңғыш Президент — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Үндеуін қолдауға байланысты ҮНДЕУІ

Құрметті қазақстандықтар!

Қазір біздің еліміз дүние жүзіндегі барлық мемлекеттер сияқты коронавирус инфекциясы пандемиясына байланысты қиын жағдайды бастан кешіп отыр.

Мемлекетіміз бұл инфекцияның өршуіне қарсы барлық шараларды қолға алып жатыр, төтенше жағдай жарияланды.

Дегенмен егер бұл індетке қарсы күреске бүкіл қазақстандық қоғам жұмыла кіріспесе, тек мемлекеттік органдардың іс-қимылы жеткіліксіз болатындығы мәлім.

Тұңғыш Президент — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Үндеуін қолдай отырып «Восход-ORIEL» компаниялар тобы коронавируспен қарсы күрес қорына 50 000 000 теңге аударды.

Елбасы «Қиындықта қол ұшын беру — игі дәстүр, халқымыздың қанында бар, бойымызға сіңген асыл қасиет» деп өте дұрыс айтты.

Мұндай кезде ауру бізді айналып өтер деген селқостыққа салынуға мүлде болмайды!

Коронвируске қарсы күреске біздің әрқайсымыз үлес қосуға тиіспіз.

Біз өзіміздің денсаулығымызды және ұлттың денсаулығын тек осылай сақтап қала аламыз.

#Бiзбiргемiз!

Серік ИБАТОВ,

«Восход-ORIEL» компаниялар тобының бас директоры.

Басқа жаңалықтар

Back to top button