2 күнде 6 жүргізуші жаяу қалды

Жол тәртібі
Ақтөбеде екі күн ішінде 6 жүргізуші 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылып, 15 тәулікке қамалды. Олардың барлығы көлікті мас күйінде жүргізген.
Мәселен, қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері Сәңкібай батыр даңғылында «Leхus LX-570» автокөлігін тоқтатып, медициналық қорытынды нәтижесінде жүргізушінің ішімдік ішкені анықталып, автокөлік айып тұрағына қойылған. Ал жүргізуші 15 күн қамауға алынып, 7 жыл бойына көлік руліне отыру құқынан айырылды.
Облыстық полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексіне мас күйінде автокөлік құралын басқарғаны үшін жауапкершілікті күшейту бөлігіндегі өзгерістер заңды күшіне енгені туралы ескертіп отыр.
Белгілі бір мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілер қайтадан мас күйінде көлік басқару кезінде ұсталса, көлік жүргізу куәлігінен өмір бойы айырылады.
М.РАХАТҚЫЗЫ.



