Жаңалықтар

Ақтөбеде кір сабын шығарылады

Кәсіпкерлік

Ақтөбеде мейрамхана мен дәмханадағы пайдаланылған өсімдік майының қалдығын жинап, кір сабын шығарып жатқан цех бар. Шығарылған өнім қазір қалада сұранысқа ие. Аталған цехтың атқарушы директоры Нұрбол Құлжабаев «Даму» қорының облыстық филиалы арқылы 11 миллион теңге несие алған.

— Алғаш саудамен айналыстық. Түрлі шаруашылық бұйымдарын саттық. Кейін ойланып, осы кәсіпті неге өзіміз бастап көрмеске деген ой туды. Сөйтіп,Шымкент қаласына барып, кір сабын шығарудың технологиясын үйрендік. Біз күніне 500-600 келі сабын шығарамыз. Айына 10 тонна өнімді қала базарларына жөнелтеміз. Барлық шаруаны үш жұмысшы атқарады. «Еңбек» жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша «Даму» қорынан алған қаржыға құрал-жабдықтар сатып алдық, — дейді Нұрбол Құлжабаев.

Негізгі шикізат — өсімдік майының қалдығы, малдың майы, пальма майы. Сондай-ақ химиялық қоспалар қосылады. 200 грамм кір сабын 60 теңге болса, 300 граммсабын — 80 теңге. Бұл — көтерме баға.

Нұрбол Құлжабаев алдағы уақытта цехтың жұмысын кеңейту ойда бар екенін айтты. Себебі сұраныс өте жоғары. Ал шағын цех оны қамти алмай отыр. Мәселен, ірі супермаркеттерге ұсыну үшін өнімді тонналап шығару керек. Олар келілеп тапсырыс бермейді.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button