Жаңалықтар

Сіздің пікіріңіз маңызды!

Облыс тұрғындары назарына

Облыс аудандары, ауылдық округтері және Ақтөбе қаласы бойынша жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында үй шаруашылықтарына сауалнама жасалып, маркетингтік зерттеулер жүргізілуде және Өңірлік даму бағдарламаларын әзірлеу басталды.

Зерттеудің мақсаты — кәсіпкерлер мен үй шаруашылықтарының бос орындары мен қажеттіліктерін анықтау.

Сауалнамаға қатысушы және оның отбасы мүшелері туралы деректер, үй шаруашылықтарының несие алуы және банктерге деген сенім, олардың кіріс деңгейі, үй шаруашылықтарының көші-қон көңіл күйінің әлеуметтік инфрақұрылымына қажеттілігі, кәсіпкерлік әлеует, үй шаруашылықтарының жер учаскелері мен мал басы түріндегі активтері кіреді.

Бұл деректер халықтың әлеуметтік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға қажеттілігін анықтау үшін қажет әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың барлық саласы, денсаулық сақтау, білім беру, мектепке дейінгі тәрбие жүйесінің кәсіпорындары мен ұйымдары, демалыс пен бос уақытты өткізуге байланысты кәсіпорындар мен ұйымдар, бөлшек сауда, қоғамдық тамақтану, қызмет көрсету саласы, спорттық-сауықтыру мекемелері, жолаушылар көлігі және халыққа қызмет көрсету жөніндегі байланысты қамтиды. Олардың негізінде Өңірлік даму бағдарламалары әзірленеді. Онда халық үшін неғұрлым қажетті және маңызды объектілерді салуға арналған шығыстар ескеріледі, ал инвесторларды тарту және халыққа қызмет көрсету саласының жаңа объектілерін ашу жөнінде де осындай іс-шаралар бағдарға алынатын болады.

Облыста сауалнама жүргізуге 83 мыңнан астам үй шаруашылығы жатады, бүгінгі таңда 150-ден астам сауалнама жүргізушілер жұмыс істейді (негізінен ауылдық округтер мен қалалар әкімдері аппараттарының қызметкерлері), облыстың барлық өңірлерінде 22 мыңнан астам үй шаруашылығына сауалнама жүргізілді. Сауалнаманы ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін белгіленген мерзімге сәйкес аяқтау жоспарланып отыр.

Облыс тұрғындарынан аталған сауалнаманы өткізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз. Осыған ұқсас жұмыстар республика бойынша да жүргізілуде. Әрбір елді мекен бойынша сауалнаманың нәтижелері тек жалпыланған түрде пайдаланылатын болады, сауалнаманың бастапқы деректерінің құпиялылығына кепілдік беріледі.

Сіздің қалаңыздың, ауданыңыз бен ауылыңыздың болашақ дамуы тікелей сіздің жауаптарыңыздың дұрыстығына байланысты.

Облыстық кәсіпкерлік басқармасы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button