Жаңалықтар

Сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету — күнделікті бақылауда   

Ақтөбе облысында әлеуметтік сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету және баға мәселесі бойынша күнделікті бақылау және мониторинг жүргізілуде.

ҚР Энергетика министрлігінен ағымдағы жылдың тамыз айында Ақтөбе облысының ішкі нарығын қамтамасыз ету үшін 9 900 тонна сұйытылған мұнай газы бөлінді.

Облыстың сұйытылған мұнай газына күнделікті орташа қажеттілігі тәулігіне 340 тоннаға жуық.

Биылғы тамыз айында екі өндіруші зауыт жоспарлы жөндеуден өтті. «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС 10 күнге  — 10-20 тамыз аралығында және «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ 4 күнге — 19-23 тамыз аралығында жөндеуде болды.

Қазіргі уақытта облыста 7 газ желісі жұмыс істейді, оның ішінде 5 газ желісінің толық инфрақұрылымы бар: Ақтөбе қаласында орналасқан «АЗС Лидер» ЖШС (сақтау паркі 700 тонна), «Еламан» ЖШС (300 тонна), «АС Газ Логистик» ЖШС (сақтау паркі 320 тонна) және Мұғалжар ауданы Ембі қаласындағы «Алға Бизнес Групп» ЖШС (қуаттылығы – тәулігіне 350 тонна, сақтау паркі 320 тонн), «Private Ргоир» ЖШС (сақтау паркі 330 тонна), «КС-А» ЖШС (Қостанай облысы) және «Алпамыс Атырау» ЖШС (Атырау облысы) — Ақтөбе облысында сақтау паркі жоқ.

Мүмкіндігіне қарай босалқы қорлар өндірілді, келісімшарт міндеттемелері болуына байланысты АГЗС-дың 30%-ы талондар бойынша іске асырады, бүгінгі күні 12 вагон (420 тонна) күн сайын келуде, жақын арада жағдай тұрақталады.

Биылғы12 тамыздағы жағдай бойынша газ жабдығын орнатқан тіркелген автокөлік құралдарының саны 46 976 бірлікті құрады.

Өткен жылмен салыстырғанда газбаллонды жабдықтар орнатумен тіркелген автокөлік құралдарының өсуі 7 738 бірлікті немесе 19% (39 238 бірліктен 46 976 бірлікке дейін) құрады.

Сұйытылған газ бәсекелестік жағдайында қалыптасқан бағалар бойынша сатылады: Ақтөбе қаласында 52-ден 55 тг/л-ге дейін және облыс аудандарында 55-тен 57 тг/л-ге дейін (Ақтөбе облысында ҚР бойынша ең төменгі бөлшек сауда бағасы).

Ақтөбе облысында 154 автогаз құю станциясы жұмыс істейді, оның ішінде Ақтөбе қаласында — 75 бірлік және облыстың аудандарында — 79 бірлік.

Бұл мәселе күнделікті бақылауда тұр.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button