Мәдениет

«Беске дейін санаймын…»

Жаңа қойылым

«Алақай» облыстық қуыршақ театрының репертуары тағы бір  қойылыммен толыға түсті. Жаңа оқу жылы қарсаңында  кішкентай көрермендерге арналған М.Бартеневтің «Беске дейін санаймын…» ертегісінің желісі бойынша  жаңа спектакльді сахнаға шығарды. Қойылымды қойған — ақтөбеліктерге «Мукраның жазасы» (авторы — В.Гауф)  спектаклі арқылы жақсы таныс  орынборлық режиссер Вадим Смирнов, суретшісі —  Әсия Құрманалина. Ертегіні қазақшаға аударған — Гүлжайнар Қалдина.

Спектакльдің бас кейіпкері — кәдімгі қорқақ Қоян. Алайда  «Қорқақты қуа берсе, батыр болады» демекші, ол да басына түскен қилы-қилы оқиғалардың арқасында батыл болып кетеді. Өмірде мақсатыңа жету үшін немесе досың үшін бойдағы үрейден арылып, ерліктерге бара білу керектігін айтқысы келген спектакльді көркемдік кеңес те, көрермендер де жылы қабылдады. Спектакльде Ербол Исмағұлов, Ақбөбек Жанаділова сияқты танымал актерлермен қатар Әлия Салитова, Дәулет Балапанов, Алмагүл Қаражанова сияқты жастар да ойнайды.

Аманша АДАСБАЕВА,

«Алақай» облыстық қуыршақ театры

әдебиет бөлімінің меңгерушісі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button