Әлеумет

27 ТӘРТІПТІК ШАРА, 271 КЕҢЕС

Жемқорлыққа жол жоқ!

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сыннан өткен шараларды іске асыру қоғам мен мемлекет арасында өзіндік көпір бола алатыны сөзсіз.  Азаматтармен және шаруашылық жүр­гізу субъектілерімен өзара қарым-қатынаста сыбайлас жемқорлықты туындатуға себепші болатын әрекеттерге жол бермеу, мемлекеттік қызметшілердің «Ар-намыс» кодексін қатал сақтауы — санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарымыздың бір парасы.

Жыл басынан бері департамент тарапынан жобалау ұйымдарының мамандарына, жеке клиникалардың дәрігер-гинекологтарына, хирургтары мен инетерапевтеріне, өндірістік кәсіпорындар мен тағам өнеркәсібінің өкілдеріне өз қызметтеріне қатысты жаңартылған нормативтік актілерді түсіндіру мақсатында бірнеше семинар-кеңестер ұйымдастырылды. Мамандар 271 кәсіпкерге кеңес берді. Ағымдағы жылдан бастап жеке қажеттіліктерге арналған тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша байқаулар электронды формат түрінде жүргізіледі. Бұл шара да жемқорлық көріністерді болдырмауда жүргізілетін негізгі жұмыстардың бірі. Тәуекелді басқару жүйесінің енгізілуі  мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізудің барынша ашықтығына жол ашты.

Қоғам кеселіне айналған көріністерді болдырмау мақсатында ҚРДСМ мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті 2010 жылға сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыс істеп жатыр. Осы бағытта «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы мен «Атамекен Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының  облыстық филиалдарымен сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында бірігу туралы меморандумға қол қойылды. Департаментке жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер (жыл басынан бері барлығы 2540) қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркеліп, белгіленген мерзімде  қаралуы қатаң бақылауда ұсталады. Мекемеде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылыққа бастайтын іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында өз лауазымдық міндеттерін ұқыпсыз орындаған қызметкерлерге тиісті шара қолдану үрдісі қалыптасқан. Атап айтқанда, облыс көлемінде 2009 жылы 50, осы жылдың  басынан бері 27 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мақсатында атқарылған ауқымды шараларға қарамастан, өткен жылы 3 қызметкер сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерге жол берсе, осы  жылдың наурыз айында МСЭҚКД Мәртөк ауданы бойынша басқармасы «Жайсаң» санитарлық-карантиндік бекетінің жетекші маманының үстінен облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті  ҚР ҚК  311-б. 4-т. «а» тармақшасында көрсетілген белгілер бойынша қылмыстық іс қозғады. Бүгінгі күні ол қызметкер сот шешімі шыққанға дейін жұмыстан шеттетілді.

Облыстың санитарлық-эпидемиологиялық қызметі  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуді ең маңызды мақсат етіп қойып және осы бағыттағы жұмыстарын одан әрі жетілдіре түспек.

Құралай ӘЛЖАНОВА,

ҚРДСМ  МСЭҚК Ақтөбе облысы

бойынша департаментінің директоры.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button