Жаңалықтар

Жазғы мектеп  ашылды

Семинар

 Ақтөбеде үкіметтік емес ұйымдарға арналған жазғы мектеп өз жұмысын бастады.

Үш күндік жазғы мектеп аясында азаматтық белсенділер, ҮЕҰ өкілдері ұйым жұмысын дамыту және жоспарлау бойынша семинар-тренингтерге қатысады.

Тренингтерді «Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі «Ақтөбе облысында «Бір терезе» қағидасы бойынша үкіметтік емес ұйымдарды қолдау мақсатында азаматтық орталықты ұйымдастыру және дамыту» жобасы аясында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастыруда.

Жазғы мектептің бірінші күні «ҮЕҰ және қазіргі азаматтық қоғам», «Жобаны әзірлеу және басқару» тақырыптарында тренингтер өтті.

— Үкіметтік емес ұйымдар мақсатты топтағы мәселелерді тікелей шешеді.  Үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдағы рөлі зор. Олар мәселелерді анықтауға және шешуге көмектеседі, — дейді жаттықтырушы, «Равный-Равному» қазақ қауымдастығының жетекшісі, халықаралық сарапшы Сағынғали Елкеев.

Бұдан соң «Фандрайзинг» (жобаға ақшалай қаражат тарту), «Командада жұмыс істеу», «Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту», «Жобаны бағалау және мониторинг» тақырыптарында тренингтер өтеді.

Г.КЕТЕБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button