Жаңалықтар

Шаһарды абаттандыру жұмыстары тексерілді

Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин бірқатар нысандарды аралап, шаһардың сәулеттік келбетін жақсарту, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарының қарқынымен танысты.           

Алдымен қала әкімі Батыс-2 ауданындағы Шалқар аллеясына барып, ондағы  жасыл желектерді суаруға жауапты мердігерлермен кездесті.
Рейд барысында көргеніміздей, аллеядағы егілген көшеттер мен гүлдердің сүреңі кетіп, қурап жатыр. Қала әкімі өз міндеттерін лайықты деңгейде орындамай отырған мердігер компания өкілінен жауап талап етті.
Оның сөзінше, егілген талдар биыл көктемде қуара бастаған.

— Бұл мәселе туралы әлеуметтік желілерде қала тұрғындары көп шағым білдіріп жатыр. 80 түп ағаш қурап кеткен.Мұндай солған талдарды қаланың өзге бөліктерінен де байқауға болады. Халық бұл жерлерге демалуға келеді. Тал-теректер жайқалып өсу үшін суару жұмыстарын жүйелі қолға алу керек, — деді қала әкімі Мавр Абдуллин.

Енді алеядағы ағаштар мен гүлдер су таситын көлікпен емес, ұңғыма қазу арқылы суарылмақ. Су ұңғымасын қазған мердігер компания «Bazis group kz» ЖШСқала әкіміне өз жұмыстарын таныстырды. Қала әкімі бір аптадан кейін тағы рейд жүргізілетінін және бір айдың ішінде бұл жұмыстардың толықаяқталуын тапсырды.
Бұдан соң шаһар басшысы Ә.Молдағұлова даңғылындағы «Дина» супермаркеті маңындағы аллеяны аралап шықты. Бұл жерде де қураған ағаштар көп кездеседі. Аллеяғажауапты «Нұрлы таң Ақтөбе» мердігер компаниясының өкілі ауа райының ыстығын тілге тиек етіп, апта сайын суарып жатқандарын айтты. Мавр Абдуллин анықталған олқылықтарды осы аптада қалпына келтіруге тапсырма берді. Тиісті міндеттер орындалмаған жағдайда шаралар қолданылатынын жеткізді.
Бұл күні «Астана» саябағындағы абаттандыру жұмыстары да тексерілді. «Актюбспецстроймонтаж» ЖШС басшысы өзіне жүктелген жұмыстарды қыркүйек айында аяқтауды жоспарлап отыр.

Қала әкімдігінің меншігіне берілген «Дельфин» бассейні де қыркүйекте ашылмақ.
Рейд кезінде М.Абдуллин «Дельфин» бассейнінің жөндеу жұмыстарымен танысты. — Қазір жыл сайын орташа есеппен 1600 баланы суда жүзуге үйретіп жүрміз. Егер осы бассейн іске қосылса, онда бір жылда 3 мың баланы жүзуге үйрете аламыз. Оның ішінде халықаралық деңгейдегі жарыстарға дайындау үшін екі пайызын іріктеп, таңдайтын боламыз. Әрі бұлмамыр айларында су қоймаларында кездесетін өлім деректерінің азаюына ықпал етеді деген ойдамыз, — деді Ақтөбе қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Евгений Гончаров.
Қала әкімі Мавр Абдуллин құрылыс жұмыстарын уақытында аяқтауға және бассейн айналасындағы алаңды абаттандыруға тапсырма берді.

Сондай-ақ қала әкімі №2 мектеп-гимназияның жөндеу жұмыстарымен танысты. «КазСтройКорпорейшн» ЖШС басшысы жөндеу жұмыстарын 28 тамызға дейін аяқтауға уәде етті.

 Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button