Жаңалықтар

Сауалдарға жауап берілді

Ауладағы қабылдау

Ақтөбеде екі күн бойы учаскелік инспекторлар мен ювенальды полиция қызметкерлері көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларында тұрғындарды қабылдады.

Тұрғындардың көп қоныстанған жерлері ескеріліп, мәселен, «Болашақ» шағын ауданындағы қабылдауға күннің аптап ыстығына қарамастан, 200-ден астам адам келді. Полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов азаматтарды толғандырған сауалдары бойынша жеке қабылдады. Сауалдардың көпшілігі әсіресе, көп қабатты үй аулаларында автокөліктерді қоятын тұрақ пен балаларға арналған ойын алаңдарын, аулаларға бейнебақылау камераларын орнату секілді  мәселелер болды.

«Ауладағықабылдау» шарасы — алдыменхалықпенкерібайланысорнатуға, олардыңталап-тілектерінеқұлақасуға және өзараіскерлікынтымақтастықорнатуғабағытталған.

Қабылдауда әкімшілік полиция жетекшілері мен жергілікті полиция қызметі,көші-қон қызметі, лизенциялау-рұқсат беру жүйесі мен халыққа мемлекеттік қызмет көрсету салаларының өкілдері тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар келушілерге күзет дабылдағышы қондырғысын орнату мен оның тиімділігі жан-жақты түсіндірілді. Әрі күзет жүйесінің байланыс телефондары бар ақпараттық бүктемелер де таратылды.

Бүгінде «Ауладағы қабылдау» шарасы облыс аудандарында да өтуде.

Ақбота БОЛАТБЕК.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button