Жаңалықтар

Әжесі немересі үшін балабақша ашты

Мемлекеттік бағдарлама

Әрбір ата-ана өз баласы үшін мінсіз жұмыс істейтін балабақша іздейтіні белгілі. Онда барлығы да жақсы болуы керек: тәрбиешілер мейірімді әрі білімді болуы тиіс, тамағы сапалы әрі дәмді болуы керек, ал балабақша ғимараты жылы әрі кең болғаны жақсы.

Ақтөбелік Шолпан Сағындыққызы да немересін орналастыру үшін осындай балабақша іздеп, ақыры, оны өзі ашуды ұйғарды. Осылайша ол Алматы қаласындағы өзіндік ерекше формада жұмыс істейтін мектепке дейінгі білім беру орталығының жұмысымен танысып, Ақтөбеде осындай орталық ашпақ болады. Идея жақсы, бірақ қаржыны қайдан алу керек?

Шолпан Сағындыққызы Алматыдағы балабақшаның тәжірибесі бойынша 70 орынға арналған мектепке дейінгі орталық ашты. Оның атауын немересінің есімімен «Жасмин» деп атады.

— «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры несие қаржысының пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау арқылы қолдады. Осылайша АТФ банкінен негізгі құралдар сатып алу мақсатында алған қарыз мөлшерін азайттым. Оған қоса «Даму» қоры жобаға кепілдік берді. Қазіргі уақытта балабақшаға 11 адамды жұмысқа алдым. Сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 50 бала үшін мемлекеттік тапсырыс алып отырмын. «Даму» қоры біз секілді бастамашыл адамдарға өз жоспарларын іске асыруға мүмкіндік беріп отыр. Осындай мемлекеттік бағдарламалардың қолдауы нәтижесінде жеке кәсібімізді бастадық, —   дейді кәсіпкер.

Бауыржан ДАРКУЛОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button