Әлеумет

Төрткүл дүниенің төбебиі

Биылғы жылғы 1-2 желтоқсанда Астана шаһарында Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің саммитін өткізуге байланысты шешім қабылданғаны туралы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың мәлімдемесі тарихи басты жаңалықтардың бірі болып қабылданды.

Жиырмасыншы ғасырдың соңғы он жылдығында тәуелсіздік туын жоғары көтерген қазақ мемлекеті жаңа ғасырдың алғашқы он жылдығында үлкен саяси нәтижеге қол жеткізіп отыр.

Кезінде «мың өліп, мың тірілген» халқымыз ұлттық-рухани, елдік-танымдық құндылықтарымызды қастерлеп ұстап, тіршілігіміздің басты қағидасына айналдыруда.

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы ұлылықты ұлықтай отырып, қасиетті істерді қастерлеп, алдағы шаруаларды айқындап, болашақтың кемелді көкжиегін көмкерген «Жаңа он жылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктер» атты Жолдауында елдің ішкі саясаттағы, экономикадағы, индустриялы-инновациялық дамудағы, әлеуметтік саладағы атқарылған және атқарылмақ міндеттерді салмақтай келе, сыртқы саясат мәселесіне де ерекше маңыз берген болатын. Соның басты ұстанымы ЕҚЫҰ-ға төрағалық мәселесіне қатысты: «…Әлемнің жетекші елдерінің көшбасшылары, беделді халықаралық экономикалық және гуманитарлық ұйымдарының басшылары өздерін Қазақстанның досы санайды. Біз мұны мақтаныш етуге тиіспіз!»  деген болатын. Шындығында мақтануға да, мақтауға да тұрарлық іс емес пе?!

Осының бәрі ойға оралғанда Елбасымыздың саяси мәлімдемесін шын жүрегіммен қуана қабылдадым, бұл бізді ауызбіршілікке, татулыққа, бірлікке, достыққа ұйыстыра түсетін үлгі деп білемін. Бірлігіміз берік болса, алынбайтын қамал, аспайтын асу болмайды.

Біздің өңірімізде жеріміздің байлығын жете игерумен бірге, оның игілігін де көре бастадық,  жүзге жуық ұлттар мен ұлыстар ұйыса тірлік кешуде, бейбітшілік пен ынтымақтастық тіршілігіміздің мәніне айналды.

Ал үш құрлықты мекен еткен елу алты ел өкілдерінің  басын қосатын Астанадағы саммит айбынымыз бен айбарымызды бұрынғыдан да асыра түседі деп ойлаймын.

Келдібай ЕСПАҒАМБЕТОВ,

«ҚР Бейбітшілік пен келісім кеңесі» облыстық филиалының төрағасы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button