Әлеумет

АБЫРОЙЫМЫЗ АСҚАҚТАЙ ТҮСУДЕ

Еуропа Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Саммиті 1-2 желтоқсанда Астанада өтетін болып бекітілуі барша қазақстандықтардың мерейін арттыра түсетіні анық. Мұндай жағымды хабарды естіген облысымыздың 70 мыңдай ардагерлер ұйымы үлкен Саммиттің Қазақстанда өткізілуіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың беделі ықпал етті деп бағалауда. Президентіміздің сара басшылығының арқасында еліміз экономикада, саясатта жетістіктерге жетуде және, ең бастысы, бейбітшілік пен татулық сақталуда. Қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың үлгісіне айналған Қазақстанның әлемдегі абыройы осылайша асқақтай түсуде.

Әлізақ НИЗАМУТДИНОВ,

облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары.

Мәртебемізді биіктеткен мәлімдеме

Елбасының ЕҚЫҰ Саммитін Астанада өткізу туралы шешімі көңілімізге қанат бітірді. Әлемдегі белді ұйымның белсенді жиынының біздің Елімізде болатынына, он бір жылдан соң қолға алынғалы отырған бұл шараны жүзеге асыру Қазақ елінің еншісіне тигеніне тәубе дейміз.  Саммит барысында  толғағы жеткен мәселелер шешімін табады деген сеніміміз зор.

Адамзат тағдырына  қауіп төндіріп тұрған терроризм мен есірткі тасымалына тосқауыл жасау,  Орта Азиядағы, оның ішінде Ауғанстан мен Қырғызстандағы саяси түйіндерді шешу жолдарын қарастыру — Елбасының өз еліміздегі ғана емес, әлемдегі тұрақтылықты, бейбітшілікті ойлайтындығының көрінісі.

Ал тағдыры қыл үстінде тұрған Арал мәселесінің осындай алқалы жиында сөз болуын барша қазақтың көкейіндегі арманының орындалуы деп қарауға болады.  Бұрын-соңды түске кірмеген армандардың ақиқатқа айналуы Елбасының   қазақтың бағына туған ер екендігін дәлелдейді. Біздер, кейінгі толқын өкілдері, Президентіміздің Отан алдындағы өлшеусіз еңбегін қадірлеп, әр кез қолдауға дайынбыз.

Қорғанбек ИСАЕВ,

«Серпін-Жастар-Шалқар»

қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Шалқар ауданы.

ЖАСТАРДЫҢ СЕНІМІ МОЛ!

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Саммиті елімізде өткізілуі біз үшін үлкен мәртебе екені анық. Бұл туралы Елбасымыз «Бұл тарихи шешім — қазақстандық толайым табыстардың абыройлы айғағы! Бүгінде Қазақстан ғаламдық қауіпсіздіктің ұйытқысына, татулық пен тұрақтылықтың кепіліне, бейітшіліктің берекелі белдеуіне айналды» деген болатын. Демек, бұл басқосу  еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, қазақстандықтардың бірлігін нығайта түсері анық. Біздің облыстың жастары, оның ішінде «Жасыл Ел» және студенттік құрылыс отрядтарының студенттері де бұл  шешімді қуанышпен қабылдады. Елордада Саммиттің жоғары денгейде өтетініне сенімдері мол. Бұл тұрғыда жастар құлшыныс танытып, күш жігерлерін жұмсауға әзір.

Бибігүл АҚЖІГІТОВА,

Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының

студенттік құрылыс және «Жасыл Ел» жасақтарының комиссары.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button