Әлеумет

БИЖАННЫҢ БЕДЕЛДІ ҰЖЫМЫ

«ЗапКазСтройИнвест» ЖШС-ның құрылғанына бес жылдай ғана уақыт болды. Соған қарамастан серіктестік облыс көлемінде, тіпті көршілес облыстарда құрылыс жұмыстарын жүргізіп, біршама беделге ие болды. Мұны серіктестік салған ғимараттар иелерінің кәсіби мереке қарсаңында жолдаған құттықтаулары мен алғыс хаттарынан байқауға болады.

— Біздің құрылысшылардың қай-қайсысы да өз ісінің шебері, — дейді, — «ЗапКазСтройИнвест» ЖШС-ның құрылтайшысы Бижан Қалмағанбетов. — Мәселен, серіктестік директоры мен оның орынбасары Жамбыл Айтбаев пен Серік Шаяхметұлы құрылыстың қыр-сырын жетік білгендіктен, ұйымдастыру жұмыстары сәтті аяқталады. Сондай-ақ өндірістік-техникалық бөлім бастығы Ермек Сарқұлов, бас инженер Қайыржан Тоқтамысов, учаске бастығы Шабқат Қалдығарин, құрылыс шебері Руслан Қалмағанбетов, экскаваторшы Мырзағұл Суқұлов және басқалар жұмыстың сапалы жүруіне аса мән береді.

Аталмыш серіктестік құрылтайшысы Бижан Қалмағанбетовтің «Кто есть кто?» республикалық құрылысшылар энциклопедиясына енуі де біраз жайдан хабар берсе керек.

Жаз айларында 70-ке жуық адам еңбек ететін ұжым мүшелері Құрылысшылар күні қарсаңында басшылық тарапынан ақшалай сыйлықпен марапатталып, өзен жағасында демалды.

Бердібай КЕМАЛ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button