Жаңалықтар

Жасыл желекті суарудың жаңа әдісі жүзеге асуда

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин жоспардан тыс Ақтөбе қаласында атқарылып жатқан бірнеше жұмыстармен танысты. Облыс басшысы алдымен Бөкенбай батыр көшесіндегі ағаштарды және көгалдарды суару жұмыстары бойынша жүзеге асырылған жаңа жобаны көрді.

Суару жұмысын қолға алған «КХ Эльмира» мердігер мекемесі Израйль елінен жеткізілген жаңа технология арқылы ағаштар мен гүлзарларды тамшылатып суару әдісіне көшкен. Мамандар Ақтөбе қаласы бойынша алғаш рет жүзеге асып отырған бұл әдістің артықшылығы көп екенін айтады. 70 метр тереңдікке орнатылған сорғы автоматты түрде ағаштар мен көгалды шөптерді уақтылы әрі бірқалыпта сумен қамтиды. Су тасығыш көліктермен суарғаннан гөрі осы тәсіл арқылы тамшылатып суару тиімдірек дейді мамандар. Техника күніне 100 текше метр су шығаруға қуатты. Ақтөбеде алдағы уақытта осындай 8 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Облыс басшысы жаңа тәсіл үнемді әрі пайдалы болса, әрі қарай да жұмысты жандандыру қажеттігін айтты.
«Ағаштарды еккенмен оларды уақтылы күтіп-баптауды ұмыт қалдырасыздар. Бұл бір жағынан үлкен шығынға ұшыратса, екінші жағынан тұрғындардың наразылығын тудырады. Сондықтан суару әдісі осылай шешімін тауып жатса, бұл жұмыс жалғасын табуы қажет», — деді облыс басшысы.
Сонымен қатар Оңдасын Оразалин Сазды өзені арнасын кеңейту және бекіту жұмыстарымен танысты. Облыс басшысы қала әкіміне жұмысты сапалы әрі уақтылы жүргізуді тапсырды.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button