Жаңалықтар

Көне қорымнан  тағы да 7 адамның сүйегі табылды

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің археологтары Құмсай (Қырықоба) қорымына қазба жұмыстарын жүргізу барысында жерлеудің ерекше тәсілдеріне тап болды. Маусым айының басында басталған қазба жұмыстарының нәтижесінде  3 обадан 7 адамның қаңқасы табылған.

Бұл анықтағанымыздай Батыс Қазақстандағы алғашқы жерлеу тәсілдеріне жатады. Қорғандардың үйіндісі ерте қола дәуіріндегі «көне шұңқыр» мәдениетіне сәйкес келіп отыр. Жерлеу кезеңі Ойыл ауданында 4290 жыл бұрын басталған. Бізді таңғалдырғаны — адамдардың жерлену ерекшеліктері. Бірінде адам шалқасынан жатса, екіншісінде отырғызып жерленген. Осында 168 қорған бар. Қазіргі таңда үшеуін қазып бітірдік. Қорымдардағы табылған сүйектер соғыста, немесе ашаршылықта өлгендердің жұрнағы емес. Обалардың көптігі олардың қандай да бір тұрақты мекені болғанын білдіреді. Бізге қызықтысы — сол қаланың немесе мекеннің қай жерде екенін табу. Демек жақын жерде болуы мүмкін. Осы адамдардың мекенін іздеп жатырмыз. Ол Барқын құмының астында деген болжам да бар. Еліміздің археологтарының қызығушылығын тудырған жайт — Қырықободағы адамдардың әртүрлі тәсілде жерленуі, — дейді облыстық тарихи-өлкетану  музейінің ғылыми қызметкері Нұрсұлтан Баиров.

Қазба жұмыстарына зерттеуші ғалымдар, студенттер, тәжірибе жинақтау мақсатында 1-курс студенттері мен ауданның жас археологтары және оқушылар қатысты.

Ауданда археологтардың қазба жұмыстарын көру үшін мектеп оқушыларына арналған экскурсия ұйымдастырылды. Ойылдағы Ш.Берсиев атындағы тарихи- өлкетану музейінің қызметкері Дулат Исабаев аталмыш қорғанның пайда болу себептерімен   таныстырып, тарихи өлкені аралатты.

Самат НАРЕГЕЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button