Жаңалықтар

Қала маңынан жер беріледі

Ауыл шаруашылығы өндірісін дамытып, өнімін өндіру үшін жеке тұлғалар мен шаруа қожалықтарына қала маңынан жер беріледі. Ақтөбе қалалық әкімдігі жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беруге конкурс өткізіп жатыр. Конкурсқа өтініш қабылдау 31 мамырға дейін жалғасады.

Конкурсқа шаруа қожалықтары, фермерлер, заңды тұлғалармен қатар жеке тұлғалардың да  қатысуға құқы бар. Жер 7 гектардан бастап 1000 гектарға дейін 10 жылға жалға беріледі. Бүгінгі күні қала шеңберіндегі жерге 24 лот ойнатылды. Қала маңындағы Ақшат ауылы мен егістікке арналған Бұтақ, Елек  өзендерінің жағасындағы жерлерді конкурсқа шығарып жатырмыз. Өтініш берушілер Алтынсарин көшесінде орналасқан біздің мекемеге келіп, конкурсқа қатысуына болады,  — дейді «Ақтөбе қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы» мемлекеттік мекемесі бөлімінің бас маманы Алдияр Байтақов.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау және тіркеу өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Самат НАРЕГЕЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button