Жаңалықтар

Сайлау учаскелерінің дайындығын тексерді

Өткен демалыс күндері қала әкімі Ілияс Испанов пен қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мария Тәжібаева қаладағы сайлау учаскелерінің саяси науқанға дайындығын тексерді. Ақтөбеде барлығы 150 учаске орналасқан. Оған 325 619 сайлаушы келіп, өз таңдауын жасайды.

Алдымен қалалық Оқушылар сарайында орналасқан №77 сайлау учаскесіне барды. Аталған учаскенің жауапты өкілі Нұргүл Мұсабекованың айтуынша, учаске бойынша 2174 сайлаушы тіркелген.

—  Оның 26-сы — саяси науқанға алғаш қатысатындар, сайлаушылардың ең үлкені 83 жаста.  28 мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар. Оларға өзіміз барамыз, — дейді ол.

Мұнан кейін қала әкімі Ақтөбедегі №64 мектепте орналасқан № 541 сайлау учаскесін қарады. Бұл жерде сайлау учаскесі бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Учаске төрағасы Р.Кенжалинаның айтуынша, 2348 сайлаушы тіркелген, оның 147-сі — алғашқы сайлаушылар.

— Біз үлкен саяси науқан алдында тұрмыз. Сондықтан ақтөбеліктер өздерінің таңдауын жасау үшін 9 маусым күні сайлау учаскелеріне келеді деп сенеміз.

Ақтөбеде 150 сайлау учаскесі бар. Барлығын да аралап, саяси науқанға дайындығын тексеріп жатырмыз. Барлығының да дайындығы жақсы, — дейді М.Тәжібаева.

 Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button