Жаңалықтар

Өз сайлау учаскеңді тап

Ақтөбе облысы әкімдігінің сайтында сайлау учаскесін іздейтін жаңа қызмет пайда болды. Енді әрбір ақтөбелік шынайы уақыт тәртібінде өзінің сайлау учаскесі туралы мәлімет ала алады.

Дауыс беру үшін сайлаушылар тізімі мен учаскелерді aktobe.gov.kz ресми интернет-ресурсындағы «Өз сайлау учаскеңді тап» бөлімінде анықтауға болады. Ол үшін облыс тұрғыны жеке сәйкестендіру нөмірін енгізсе, учаскенің нөмірі, мекенжайы, байланыс телефоны көрсетілген ақпаратқа ие болады. Деректер туралы мәлімет болмаған жағдайда сайлаушылар тізіміне қосу үшін мекенжай анықтамасымен тиісті аумақтық әкімдікке бару керек. Жалпы облыс аумағында 14 (облыстық, қалалық және 12 аудандық) аумақтық сайлау комиссиясы құрылды. Өңірде барлығы 529 сайлау учаскесі тіркелген, учаскелік комиссия құрамына 3553 адам жұмылдырылатын болады.

М.ТАБЫН.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button