Жаңалықтар

Астана — Елбасы идеясының жемісі

Гүлмараш МҰҚАШЕВА,

№6 гимназияның директоры.

Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы —   Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа тиесілі. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді  Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Ресми көшіру 1997 жылы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Ал тұсаукесері келер жылы 10 маусымда өтті. Осы атаулы күндердің барлығы менің есімде.

Жалпы әр елдің болашақ тағдырын айқындайтын тарихи кезеңдері болады. Сондай кезеңдердің бірі — астанамыздың Сарыарқа төсіне қоныстануы. Тәуелсіздік туы көгімізде желбірегеннен бастап, еліміз үшін жаңа тарих басталды. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болуы үшін Елбасымыз үлкен мақсаттарды алға қойды. Осы тұста Елбасымыздың көкірегінде қайнап піскен, Елорданы Ақмолаға көшіру идеясы ешбір кедергіге, кейбіреулердің күдігіне қарамастан іске асып, бүгінде ел мақтанышына айналып, тарих беттерінде алтын әріптермен жазылды. Жаңа Елорда қысқа мерзім ішінде жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болып,  жас мемлекеттің тәуелсіздігінің символына және жаһандық табысына айналды.  Астанамыздың шаңырағы биікке көтеріліп, уығы нық қадалып, керегесі жайылды. Астана — қазір еуропалық қала. Осы еңселі Елордамызға  Нұр-Сұлтан атауының берілуі дұрыс шешім деп білемін. Осындай қаланың салынып, оны әлем тануы  — Елбасы еңбегінің жемісі.

Хромтау қаласы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button