Жаңалықтар

Ең дұрыс шешім

Ералы НҰРҒАЛИЕВ,
Ақтөбе гуманитарлық колледжінің директоры.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстан жұртшылығы аз қиыншылық көрмеді. Жетпіс жыл бойы бір орталықтан басқарылып келген елдің келешегі бұлыңғыр болды. Осындай қиын кезеңде кеңестік жүйеден шыңдалып шыққан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  тәуелсіз мемлекеттің негізін қалап, оның өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Экономиканы қарқынды дамыту мен халықтың әл-ауқатын арттыруда айрықша табыстарға қол жеткізген кемел көшбасшыға айналды. Ол —  бабаларымыздан келе жатқан ұлы арман —  Тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы қиын белестерден халқын аман алып өтіп, тарих төрінен өз орнын алды. Шындығында, егемен ел, Тәуелсіз мемлекет атану да, сосын ешкімге жалтақтамастан ұлы істі қолға алып, өзінің дербес астанасын өзі таңдап, өз қолымен салу да зор бақыт. Ал осындай екі ұлы істе ең алдымен Елбасының ерлігі ерен. Өйткені, жұртшылық айтып жүргендей, Тәуелсіздіктің ең зор тұлғасы Президент болса, Елордамыз —  Президенттің төл перзенті.
Кезінде алып Ресей империясының құрылуына негіз болған Санкт-Петербург қаласы да салдыртқан Петр I есімімен аталса, сол сияқты Рим, Александрия, Вашингтон қалаларының тарихи атаулары негізін қалаушылардың есімімен байланысты. Осы ретте  Елордамыздың атауын өзгертіп, оған  Елбасының есімін беру —  ең дұрыс шешім.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button