Жаңалықтар

Көліктегі өрт оқиғасы

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі мекемесінде Ақтөбе қаласындағы 8-шағын ауданда болған көліктегі өрт оқиғасына қатысты брифинг өтті.

Басқосуда 8 наурыз күні «Ауди-А6» маркалы автокөлігінің жануы, оқиғаның себеп-салдары мен қауіпсіздік шаралары түсіндірілді.

— Мереке күні кешкі сағат 18:37-де «101» нөміріне ағайынды Жұбановтар көшесі №296/2 үйдің ауласында автокөлік өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. №4 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 6 адам, 1 автокөлік жіберілді. Өрт сөндіру жасағы оқиға орнына 7 минутта жетті. Көліктегі мотор бөлігінен өрт шыққаны белгілі болды. ­Өрт сөндіру көлігінің үйдің ауласына кіруіне жол болмағандықтан, бірнеше қашықтықта 6 минутта сөндіріліп болды. Әлеуметтік желілерде, әсіресе, «Зелло — Ақтөбе» сайтында жүктелген видеоға өрт сөндіру қызметкерлерінің ар-намысына және мемлекеттік мекеменің іскерлік беделіне нұқсан келтірілетін жағымсыз пікірлер, өрт сөндірушілердің жұмысының баяулығына қатысты дәлелсіз пікірлер келтірілуде. Шынында қызметкерлер оқиға орнына шұғыл жетіп, тиісті қызметтерді атқарды. Зардап шеккендер жоқ, — дейді №4 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, подполковник Мұратбек Мектепбаев.

А.БОЛАТБЕКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button