Жаңалықтар

Саяси кеңес бюросының отырысы өтті

Жұма күні «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе қалалық филиалының төрағасы Ілияс Испановтың қатысуымен Саяси кеңес бюросының кезектен тыс отырысы өтті.

Отырысқа  «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дариға Исмағамбетова, қалалық мәслихат депуттары пен партияның қалалық филиалының жауапты қызметкерлері қатысты. Саяси кеңес бюро барысында қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Мұратбай Әжібаев депутаттық фракцияның 2018 жылда атқарылған жұмыстарына тоқталып, баяндама жасады.

«Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалында 43 948 партия мүшесі болса, оның 49%-ы, яғни 20107-сі қалалық филиалда тіркелген. Ал қаладағы 79 бастауыш партия ұйымы біріктіріліп, 37 ірі бастауыш партия ұйымдарына айналды.

Бюро отырысында жыл бойы белсенді еңбек еткен нұротандықтар назардан тыс қалған жоқ. Қалалық мәслихат хатшысы Сұлупан Шынтасова «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен  марапатталса, «СНПС» — Ақтөбемұнайгаз» БПҰ төрағасы Абай Сақтағанов «Кедергісіз келешек», «Ақбұлақ» БПҰ төрағасы Гүлнар Манепова «Ардагерлерді ардақтайық», «Трансэнерго» БПҰ төрағасы Динара Нұрышева мен «Кәсіпкерлердің құқығын қорғау қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі БПҰ төрағасының орынбасары Ақсұлу Каирманова «Партияның бастауыш ұйымдарын жандандыру» партиялық жобаларын жүзеге асырудағы белсенді еңбектері үшін партияның қалалық филиалы төрағасының Алғыс хатын алды. 12 партия белсендісі осындай марапатқа ие болды.

Бұдан өзге Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отырған Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қаланың әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін жариялауға қосқан сүбелі үлестері үшін бірқатар БАҚ өкілдері марапатталды.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button