Жаңалықтар

Түпнұсқа сақталып, көпшілікке цифрлық нұсқа ұсынылады

Облыстық мемлекеттік архивтің ұйымдастыруымен «Архив қызметінің жаңа кезеңге көшуі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.

Семинарға облыстық мемлекеттік архив пен оның филиалдарының, аудандық архивтердің меңгерушілері мен қызметкерлері қатысты.

Жиында Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы, «Рухани жаңғыру» және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламаларын архив саласында жүзеге асыру мәселелері, аса құнды құжаттарды сандық нұсқаға көшіру, электронды архив базасын қалыптастыру жолдары талқыланды. Облыстық мемлекеттік архивтің директоры Марат Төлебайұлы архив саласы бойынша нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды түсіндіріп, алдағы жылдан бастап архивтің ақылы қызметке көшетінін айтты. Архив қызметкерлері де осы мәселегеорай өз пікірлерін білдірді.

Қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелердің бірі — электронды архивті дамыту, қағаз бетіндегі құжаттарды жаппай цифрлық форматқа көшіру, сол арқылы, құжаттың түпнұсқасының сақталуын қамтамасыз ете отырып, архивтік мұраның цифрлық нұсқасымен жұмыс жасайтын зерттеушілер санын көбейту. Бүгінде«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және материалдық-техникалық жағдайды жақсарту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Семинар барысында аса құнды архив құжаттарын электронды нұсқаға көшіріп, «Электронды құжаттардың біртұтас архиві» жүйесіне енгізу мақсатында, «Ақпаратты Қазақстан — 2020» бағдарламасы аясында алынған,тігілген құжаттар мен кітаптарға арналған жаңа үлгідегі компьютер құрылғысы таныстырылды.

Сондай-ақ, жиынға қатысушылар назарына облыстық мемлекеттік архивтің 95 жылдығына арналған көрме ұсынылды.

 Сағыныш ТӨРЕМҰРАТОВА,

облыстық мемлекеттік архивтің қызметкері.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button