Жаңалықтар

Кедендік төлемдер өндірілді

Анық-қанық

Ақтөбеде көлік прокуратурасы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамынан 94 миллион теңгеден астам кедендік төлемдерді өндірді.

Бұл қаржы акционерлік қоғамға экспортталған мұнайдың кедендік бағасын төмендеткені үшін қосымша есептелді.

Аталған мекеме 2013-2018 жылдар аралығында кеден одағының аумағынан құны 232,5 миллиард теңгені құрайтын 2,8 миллион тонна мұнай шығарғаны анықталды.  Алайда, заңнама талабын бұза отырып, сатып алушымен 35 миллиард теңге көлеміндегі өтелген тасымалдау шығыны тауардың кедендік бағасына қосылмаған және төленуге тиісті алымдарды есептеу кезінде ескерілмеген. Соның салдарынан, экспортталған мұнай құнының дұрыс анықталмауынан, мемлекет қазынасына 72 миллион теңгеден астам  төлем түспей қалған.

Прокуратураның актісімен 72 миллион теңге көлеміндегі төленбеген алымдар мен 22 миллион теңге өсімпұлды мекеме өз еркімен мемлекеттің кірісіне аударды.

 Бас көлік прокуратурасы. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button