Рухани жаңғыру

Латын әліпбиіне көшу — жаңғыру негізі

Дөңгелек үстел

С.Бәйішев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Латын әліпбиіне көшу — рухани жаңғырудың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Маңызды мәселені талқылауға арналған шарада Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент М.Миров, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымы төрағасының орынбасары Ж.Қабақбаев, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің қазақ тілі және әдебиеті  пәнінің жоғары санатты мұғалімі А.Мұхтарова, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті тілдер кафедрасының қазақ тілі курсының  аға оқытушысы Б.Ербатыр, облыстық тілдерді  дамыту басқармасының  бас маманы А.Нұрбаевалар тақырыпқа байланысты өз ойларымен бөлісті.

Шараға бұдан өзге Ақтөбедегі «Рухани жаңғыру»  жобалық кеңесінің менеджері Д.Нұрмұхамедова, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Ақтөбе филиалының аға оқытушылары мен студенттер қатыстырылды.

Кездесу барысында латын әліпбиіне көшудің ең басты қажеттілігі —  тілімізді сақтап қалуымыздан туындап отырған мәселе екендігі жайында  жан-жақты айтылды. Тіл мамандары студенттерден түскен сауалдарға жауап беріп, жаңа әліпбидің жазылуын іс-тәжірибе арқылы  көрсетті. Шара соңында «Еркін микрофон» тыңдалды. Ақтөбе ауылшаруашылық колледжінің студенті Гүлжазира Асуова жаңа бастамаға арнап жазған жүрекжарды жырын оқыды. Слайд, бейнежазбалар   көрсетілді. «Латын әліпбиі — ұлт болашағы» тақырыбында жасақталған кітап көрмесі  де ұйымдастырылды.

   Қалқа ҚҰЛЫНТАЕВА,

№65 орта мектептің қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button